Фотошоп жасау өнерімен әлемді таңғалдырған әке

Суретті сала білу бір өнер, оны түсіре білу әрі өңдеу бір өнер. Екеуіне де үлкен шеберлік керек. Себебі қос бірдей өнер туындысының жанрлық сипаты – кескін мен сурет.

Фотографтардың арасында «фотошоп» аталып кеткен фотолармен жұмыс жасайтын компьютерлік бағдарлама бар. Ол бағдарлама арқылы өзіңіз қалап тұрған дүниені жасап, өңдеп шығара аласыз. Осы өнердің қыр-сырын жақсы меңгерген Голландия елінің азаматы, фотограф, сурет шебері – Адриан Соммелинг. Ол өзінің кішкентай ұлын суретке түсіріп, оған қызық болу үшін фотошоп арқылы суреттерін өңдеген. Өңделген суреттер халықаралық көрмелер мен БАҚ беттерінде жарияланып, үздік атанған. Ендеше бірге тамашалап көріңіз!