Қазан – хош иісті шай, жайлы да жылы киім, ескі кітап

Әне-міне дегенше күздің екінші айының ортасына да келіп қалыппыз. Қазан айы хош иісті шай, жайлы да жылы киім, ескі кітап секілді. Күзді жайлылығы үшін, бояуы үшін, саудырап түскен әр жапырақтың жерді көмкерген көркемдігі үшін сүюге болады. Тіпті, күздің қоңыр салқыны да жаныңызға керемет әсер сыйлайды. 

Жаңбыр жауса, үйде ыстық шай ішіп, тамшылардың тырсылына құлақ түре отырып ойға бату, мұңаю да шынайы көрінеді. Әр келген күз ертегілер еліне шақырардай әсер қалдырады. Мезгілдің мың түрлі ғажап көріністерін сағындыңыз ба? Күздің сұлу да сиқырлы әлеміне енгіңіз келе ме? Ендеше, осынау сұлу мезгілдің табиғатын беретін суреттер топтамасын көре отырыңыз.

Шай ішіңіз, кітап оқыңыз, мұңайыңыз. Күз ғой...