Қолмен салынған 3D әсерлі суреттер

Қолмен салынған 3D әсерлі суреттер

Технология жаңалықтары күннен-күнге артып, әр күн сайын жаңа дүниелер назарымызға ұсынылуда. Соның бірі 3D әсерін қолдан жасау. Бұл қайшымен кесіп жасаған фигуралар емес, ақ қағазға салынған қарапайым суреттер. Қойын дәптерге 3D суреттерінің салынғанын көріп пе едіңіз? Осы күндері олардың сан алуан түрлері бар. Солардың ең үздігі италяндық суретші Алессандро Диддидің туындылары. Туындыларын қиялыңды баурап алып, түрлі ой салатын анаморфоз үлгісінде жасайды. Онда сәуле мен көлеңкені өзіне барынша бағындырған. Өз көзімізге өзіміз сенбейтіндей сезімге бөлеу үшін суреттер көлемді етіп салынған. Өмірде бар бөлшектермен суреттегі бейнені үйлестіре отырып 3D әсерін керемет көрсеткен. «Адам ақыл-есін өзі алдамаса да, көзі алдайды» дейді суреттердің авторы.  

Дайындаған. Қарлыға Бүйенбай

Сурет: relaxix.net

Қ. Бүйенбай