Massaget.kz блогшысы Түркияда өткен Симпозиумға қатысты

Massaget.kz блогшысы Түркияда өткен Симпозиумға қатысты
Фото: ©Жазира Ташматова

Түркияның Радио және Телевизия Жоғарғы Кеңесінің (RTÜK) ұйымдастыруымен, Конья Әкімшілігінің қолдауымен, Конья қаласында 19-22 қаңтар арасында  «Астана, ескі де болса астана» ұранымен «Халықаралық Бірлесу Симпозиумы» өтті.

Сельчук университетінде өткен Симпозиумға Түркияның Жоғарғы оқу орындарында Түркітілдес туыс елдер мен әлемнің бірқатар елінен келген, журналистика факультетінде білім алып жатқан 100-ге жуық студент қатысты. Қатысушылардың 13-і – қазақстандық студенттер. Олардың арасында Массагет порталының белсенді блогшылары да бар.

Симпозиумның ашылу салтанатында сөз алған Радио және Телевизия Жоғарғы Кеңесінің президенті, профессор Илхан Йерлікая: «Әрбір елден келген жас қаламгердің әрқайсысы – Түркияның бір-бір көңіл елшісі. Симпозиум барысында «Астана, ескі болса да астана» аясында тақырыптар талқыланатын болады. Біздің мақсатымыз, Радио және Телевизия саласында білім алып жатқан студенттерге ғылыми тілде мақала жаздырып үйрету», - деді.

Сондай-ақ, Йерлікая мырза: «Қолына қалам мен кітап алған адамдардан қорықпауға болады, егер RTÜK ұйымы ретінде осы мақсатымызға жете алсақ, өте қуаныштымыз. Бұдан кейін де мұндай іс-шараларымызды жалғастыратын боламыз», - деп сөзін аяқтады.

Екі күнге созылған Симпозиумда қатысушылар Конья мәдениеті, тарихи жерлері, өндіріс орындары және медиа саласында қатысты 57 баяндама жасады. Солардың бірі қазақстандық Мира Қадырова:

— Симпозиумға Алматыдан келдім. Мармара университетінің журналистика бөлімінің түлегімін. Қазіргі таңда Евразия ғылыми-зерттеу институтында қызмет етіп жатырмын. "Түркістанда Қожанасыр бейнесі: Қазақ фольклоры бойынша" деген тақырыпта баяндама жасадым. Меніңше, мұндай іс-шаралар кәсіби журналистиканы дамытуға, журналистика тілінде ғана емес академиялық тілде мақала жаза білуге титімдей болса да үлес қосады деп ойлаймын.

Арнайы Масссагет.кз үшін Түркиядан Жазира Ташматова

Р. Роза