Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Арнайы жобалар / НАУРЫЗ 2014 / Түркияның Конья қаласында Наурыз мейрамы тойланды (Фото)

Түркияның Конья қаласында Наурыз мейрамы тойланды (Фото)

Түркияның  Конья қаласында Наурыз мейрамы тойланды (Фото)

Бауырлас түрік елі Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Конья қаласында өткен мерекелік шараға Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігі, қала басшылығы және жергілікті қазақ диаспорасы мен Түркияда білім алып жатқан қазақстандық студенттер қатысты.

Конья қаласы Түркиядағы қазақ диаспорасы көп шоғырланған аймақтардың бірі. Сол себепті Наурыз мерекесі осымен екінші жыл қатарынан осы қалада өтіп отыр.

Мерекелік шара кіріспесінде Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігінен және жергілікті басшылық тарапынан арнайы адамдар сөз сөйлеп, құттықтау тілегін жеткізді. Кеш одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты.

Мерекеге бауырлас Ноғай халқының әйгілі әншісі, композитор, Қазақстанның мәдениет қайраткері Арсланбек Сұлтанбеков арнайы қатысып, ән шырқады. Екі шәкіртімен қосыла шырқаған Арсланбек Сұлтанбековтің өнеріне халық ерекше ықылас танытты. 

Сондай-ақ, қазақ, түрік жастары ән шырқап, би билеп, кеш сәнін келтіре түсті.

Назарларыңызға мерекелік кештен фоторепортаж ұсынамыз:

Мерекелік шараның көрігін қыздырған - әнші Арсланбек Сұлтанбеков.

Қазақ жігіттерінің орындауында «Қара жорға» биі.

Конья төрінде «Мен қазақпын!» әні шырқалып жатқан сәт.

Анкарадағы Гази университетінің студенті Дәмелі Біләлова «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнін орындады.

Арнайы Массагет үшін Конья қаласынан: Шерхан Талапұлы

Суреттерді түсірген: Шерхан Талапұлы

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 18 наурыз 2014, 08:42
Пікірлер
+0
18 наурыз 2014, 11:36

Керемет, туркияға барғым келіп кетті ғой

+0
18 наурыз 2014, 13:05

Күшті шығыпты, біздің домбыра мен қара жорға да ж жүр...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.