Костюмге қандай түстер өң береді?

Костюмге қандай түстер өң береді?
Фото: weproject.kz

Күнделікті костюм киіп жүретін адамдардың ең бірінші бас қатыратыны "киіміме қандай өзгеріс енгізем болады?" Бүгінгі таңда жігіттердің бір басында бір немесе екі классикалық киім бар. Неге десеңіздер, мұндай киімді тек жұмысқа, тойға, мерекелік кештерге ғана киеді. Сондықтан оның көп болуына аса мән бермейді.

Киіміңіз біреу болғанымен, оған өң беріп, галстук, сағат сынды аксессуарларды үйлестіріп тақса, сырт көзге күн сайын әртүрлі болып көрінеді. Түс таңдау барысында қателікке жол бермеген дұрыс және түрлі түсті қызықтап киуге де болмайды. Ондай адамдарды жұрт "бағдаршам" деп келеке қылады. Бүгін сіздерге костюм қосымшаларын түсіне қарай үйлестіріп таңдау жөнінде ақпарат береміз.

Көк түс

Егер сіз классикалық үлгідегі киіміңізге көк түсті заттарды қосымша ретінде пайдалансаңыз, сырт келбетіңіз көз тарта түседі. Негізінен көк түс адамды жұмыс басты етіп көрсетеді және қара костюммен әдемі үйлесім табады. Ол үшін сіз галстукты, сөмкеңізді, сағат бауын біркелкі көк түсті етіп үйлестіруіңіз керек.

Қызыл түс


Қызыл түсті киім киген адам қашанда тартымды, стильді, өзіне бірден назар аударта алатын адам ретінде көрінеді. Қызыл галстук, қызыл сағат, құлағы қызыл көзілдірік болса,  ақ жейдемен әдемі үйлесіп, костюммен керемет көрінеді.

Жасыл түс


Егер сіздің классикалық үлгідегі киімге пайдаланған заттарыңыздың арасында жасыл галстук, сағат, әмиян, төскі қалтаға салатын орамал болса, еш қысылмастан қалаған жеріңізге бара беруге болады. Өйткені сіз адамдарға сенімді, маңызды, ерекше, жұмыс басты болып көрінесіз. Заттарды таңдағанда бірдей түспен әрі жапырақ түстісін алғаныңыз дұрыс. Себебі жасылдың да сан алуан түсі бар.  

B. ZHAQSYMBET