- Негізгі бет
- Стиль
- Ерлердің киім кию...
Ерлердің киім кию үлгісіне арналған ережелер
Ерлердің киім кию үлгісі қыздарға қарағанда қарапайым әрі жеңіл. Себебі ерлер үшін түрлі-түсті киініп жүру маңызды емес. Бастысы денеге сай келсе болды. Дегенмен ерлердің де жақсы киініп жүруі өз алдына керек әрі маңызды мәселе. Ерлерге арналған бірнеше ережені ұсынып отырмыз.
Өлшемге сай киініңіз
Жігіттердің көбі өздерінің денесіне сай емес киімдерді таңдап жатады. Мәселен бірі кең, бірі тар киеді. Ең дұрысы дәлме-дәл өлшемге сай киіну керек.
Костюмге ашық түсті көйлек киіңіз
Костюм ішінен ашық түсті көйлек киіңіз. Себебі ол сізді сырт көзге ерекше етіп көрсетеді.
Бір түсті жейделерді таңдаңыз
Яғни қара не ақ түсті жейделер ұзақ уақыт сәнде болады. Қайта-қайта жаңа шығарылымдағы киімге жүгіре бермес үшін бұл дұрыс таңдау. Әрі бір түсті киімдер ер адамды сенімді етіп көрсетеді.
Джинсы кигенді ұнатсаңыз...
Есіңізде болсын, джинсы киімдерді көп жумау керек. Олардың түсі кетіп, өңі қашады.
Шұлықтың түсі шалбармен сәйкес келсін
Адамның басынан аяғына қараған кезде көзге түсетін шұлықтың түсі. Себебі ол қара киімге ақ болып көрінсе, күлкілі көрінеді. Сондықтан шалбардың түсіне қарай киіңіз.
Ақ түсті шұлықты тек спорт залға киіңіз
Күнделікті өмірде, классикалық киім киген кезде ақ түсті шұлық киюді қойыңыз. Тіпті ұмытыңыз.
Көзәйнекті басыңызға тақпаңыз
Иә, түрлі жағдай болады. Күннен қорғанатын көзәйнекті кейде қайда қоярымызды білмей, басымызға шаш арасына қыстыра саламыз. Бұл қателік. Ең бірінші, ер адамды жақсы қырынан көрсетпейді. Екінші, көзәйнек уақыт өте келе көзіңізге дәлме-дәл тұрмайтын болады.
М. Ақан