Джентельменге тән ережелер

Джентельменге тән ережелер
Фото: amur.kz

Ағылшын тілінен алынған «gentleman» сөзі қазіргі таңда үлкен қолданысқа ие болды. ХІХ ғасырда пайда болған бұл сөздің түпкі мағынасы, ердің образы.

Жалпы джентельмен болу деген сөз төмендегі ережелерді талап етеді:

1. Нәзік жандыларға алдымен есік ашып беру

Бірінші болып есік ашу – сыйластық пен кішпейілділік. Қыз баласына есік ашып, оны алдымен жіберіп, оған деген ізеттілікті көрсету.

2. Жол табу

Қызбен келе жатқан кезде, джентельмен жүргіншілер жолының шетінде жүруі керек. Яғни апатты жағдайлар мен лас жерлерге нәзік жандылардың тап болмауын қадағалауы маңызды.

3. Сырт киімін ұсыну

Жігіттің осы образын көрсететін тағы бір қағида суық күнде сырт киіміңді қыздың сұрауынсыз ұсыну немесе үстіне жабу.

4. Джентельмен уақытпен жүреді

Олар кешігу дегенді білмейді. Ең басты заңдылық осы. Шақырған жерге дәлме-дәл уақытында келеді немесе ертерек келіп күтеді.

5. Орнынан тұрып ізеттілік таныту

Қыз баласы есіктен кіріп келсе, жартылай орнынан тұрып, оған деген сыйластығын білдіреді.

6. Қошемет сөздерді көп айтады

Қандай жерде отырса да, жүрсе де қошемет сөздер айтып, айналасын күлдіріп, қызықтырып жүреді.

7. Қыз баласына отыруға көмектеседі

Дастархан басына отырмастан бұрын алдымен қыз баласына орындығын дұрыстап, ыңғайлап береді. Содан кейін барып өзіне отыруға рұқсат алады.

8. «Рақмет» және «мархаббат»

Бұл екі сөзді джентельмендердің ауызынан жиі естиміз. Өйткені олардың образынан бұрын ерекшелігін айқындайтын да сөздер осы.

9. Джентельмен төлейді

Қандай жағдай болмасын джентельмен ақысын бірінші төлейді. Кешкі ас болсын төлейтін джентельмен.

10. Джентельмен тыңдайды

Қыз баласының әрбір айтқан әңгімесін тағат тауып тыңдайды. Тіпті сабыр сақтап, сөзіне араласпайды.

11. Өз сөзіне әрдайым жауап береді

Айтқан сөзін іске асырады. Тіпті ең қиын жағдай болса да сөзінде тұрады.

12. Әрбір затқа мән береді

Киім, сағат, аяқ киім, түрлі аксессуарларға дейін мән береді. Жақсы киіну және жақсы жүру олардың табиғатынан бар.

Сіз джентельмен бола аласыз ба?!

М. Ақан