- Негізгі бет
- Стиль
- Ақылмен киінудің 10...
Ақылмен киінудің 10 әдісі
Жігіттер көбіне дүкен аралағанды ұнатпайтындықтан, бір көрген бұйымын бірден сатып алудан тайынбайды. Көрсеқызарлықпен алып қойған жағдайда, басқа бір дүкеннен сондай бағаға одан да әдемі киім көрсе өкініп қалады. Сондықтан өзіңізге киім таңдағанда асықпай іздеп, ұнатқан нәрсеңізді ойланып барып алған дұрыс. Киім таңдаған кезде де алдымен жарасымдылығына назар салыңыз. Осы орайда сіздерге аз-кем кеңес бере кетуді жөн көрдік.
1. Қандай дүкенге бара жатқаныңызға байланысты киініп шыққаныңыз жөн. Егер қымбат киініп алсаңыз, арзан дүкендердің сатушысы тауар бағасының үстіне тағы қосып сатуы мүмкін. Ал, керісінше, төмен бағадағы киіммен қымбат бағадағы орталарға барсаңыз, сізді жай қызықтаушы деп аса мән бермейді.
2. Егер костюм алуға барсаңыз, жейдеңізді, аяқ киіміңізді, тіпті шұлығыңызды да киіп барсаңыз артық етпейді. Өйткені сіз осы киімдерді күнделікті костюммен киесіз.
3. Таңдап алған киіміңізді ұқыптап қарап алғаныңыз дұрыс.
4. Сатып алатын затыңызды киіп тұрып міндетті түрде айнаға қарағаныңыз дұрыс. Барлық қырыңыздан өзіңізге бір рет қарасаңыз кем-кетіктерін байқауға болады.
5. Таңдаған затыңыз дүкеннен алған жағдайда ұнамай тұрса, үйге барғанда мүлде ұнамайтынына кепілдік береміз. Өйткені дүкендегі жарық сізге киіміңіздегі барлық олқылықтарын көруге мүмкіндік береді.
6. Сатып алған киіміңіз үлкен болса арнайы тігін орталықтарына барып шақтап алуыңызға болады, егер кішкентай болса, қайтадан ілгішке іліп қойғаныңыз дұрс.
7. Егер сатып алған аяқ киіміңіз қысатын болса, онымен біраз әуреге түсетініңізді ұмытпаңыз. Қызығып сатып алудың түкке керегі жоқ.
8. Киім аларда сатушыны тыңдамаған дұрыс. Себебі оның мақсаты алдындағы тауарды өткізу.
9. Өзіңізді ашатын түстерді алуға тырысыңыз.
10. Тігілген матасы жақсы киімдерді алуға тырысыңыз. Олар түстерін көпке дейін сақтап, созылып кетпейді.
B. ZHAQSYMBET