Қыздардың жігіттерге ұнамайтын 10 киімі

Қыздардың жігіттерге ұнамайтын 10 киімі
Фото: Бауыржан Асылбаев

«Адам көркі шүберек» демекші, қыз балаға киген киімі ерекше сән беріп, бойындағы сенімділігін арттыра түседі. Осы тұста «Қыздар кім үшін киінеді?» деген орынды сұрақ туады. Бірі "өзім үшін" десе, екіншілері "жігіттер үшін" дейді. Үшіншілері өзге қыздардан артылу үшін әдемі киінетіндігін айтады. Жауаптың қайсысы дұрыс екенін әркім өзі шеше жатар. Кім үшін киінсек те, ер азаматтардың назар аударатынын анық. Осыны ескеріп, кезекті материалымызда қыздардың жігіттер ұнатпайтын киімдері туралы жазуды жөн көрдік.

Ұзын белдемше

Бірнеше маусым бойы етегі төгіліп тұратын белдемшелер сәнде болды. Екі жыл бұрын жасыл, көгілдір түстілері, ал биыл бүрмеленген түрлері сәнде. Көп қыз мұндай белдемшені нәзіктік сыйлайды деп ойлайды. Жігіттер ар-ұятын қорғап, ашық-шашық киінбейтін қыздарды ұнататыны рас. Бірақ тым ұзын белдемше киетін қыздарға күле қарайды. Өйткені етегі жердегі қылды жинап жүретін көрінеді. Жазда ыстықтатса, қыста етегі су болады.

Оверсайз киімдер

Естеріңізде болса, биыл көктемде оверсайз көйлектер сәнде болды. Сәнқой бойжеткендеріміз кең тұратын көйлек, пальто, свитер сатып алды. Дизайнерлер бойжеткендердің кең киімнің ішінде нәзік болып көрінетіндіктеріне сендірді. Жігіттер керісінше оверсайз стиліндегі киім киген қыздарды көрген кезде көне замандағы еңгезердей батырларды еске түсіретіндігін айтады. Ал бойфренд джинсы шалбарларға қарсылығы жоқ секілді. Бар болғаны оларды крассовкамен емес, туфлимен кигендерін қалайды екен.

Шашқа арналған шеңбер

Шашына түрлі қыстырғыш пен шеңбер тағып алған қыздарды көрген кезде жігіттер «аузынан сүт дәмі кетпеген қыз» немесе «сіңлісінен тартып алды» деген ойға келеді екен. Шындығында мұндай таққыштар ересек қыздарға жараспайды.

Леггинсы (денеге жабысып тұратын шалбар)

Жігіттер оларды жаттығу залына барған кезде киеді. Мұнымен қатар, оны көрген кезде 90 жж-дағы жігіттер сәнін еске түсіреді екен. Қаласаңыз, матасы қалың леггинсы киюіңізге болады.

Өкшесі биік аяқ киім

Олар жігіттерге мүлдем ұнамайды әрі денсаулыққа кері әсерін тигізеді. Күнделікті тынымсыз тіршілікпен жүріп, биік өкшелі аяқ киімде әдемі жүру мүмкін емес. Бірде бүкірейсек, енді бірде тіземіз бүгіледі. Әрең жүріп келе жатқанымыз байқалады. 

Жалғасы бар...

Қ. Бүйенбай