5 жасар бала аяқ киім бауын байлау әдісін көрсетті

Әдетте кішкентай балаларға аяқ киім байлап үйрету үшін үлкен шыдам керек. Алайда, 5 жасар Колтон (Colton) 1 минутта тез әрі сәнді бау байлауға болатынын көрсетті. Миллиондаған желі қолданушылары бұл әдісті тәжірибеде қолданып, Колтон мен оның анасы Эшли Лиллардқа (Ashley Lillard) алғыстарын жаудырды. 

Анасының айтуынша Колтонға бау байлаудың мұндай әдісін оның досы Ривер (River) үйреткен екен.