Сағат тілі күліп тұратынын байқадыңыз ба?

Қол сағаттар жарнамасында оның тілі бір ғана бағытта 10:09 немесе сол жобаны көрсетіп тұрады. Ол туралы ойланып көрдіңіз бе?

Біріншіден, сағат тілі "мұрт" секілді көрінгенде циферблатқа (сағаттың цифрлы беті) "оптимистік" түр береді. Сағат күліп тұрған секілді болып, сатып алушылар еріксіз ұнатып қалу мүмкіндігін жоғарылатады.

Екіншіден, сағат тілі осы бағыты өндіруші фирманың логотипін жаппайды. Логотип көп жағдайда циферблаттың жоғарғы бөлігінде орналасады. 

Алғаш рет өткен ғасырдың алпысыншы жылдары «Сейко» жапондық фирмасы өз сағаттарының тілдерін жоғарыда айтылғандай етіп қоюын талап еткен. Олардың сағатының жарнамалық нақты уақыты 10 сағат 8 минут және 42 секунд болды. Ары қарай басқа да өндірушілер солай жалғастырған.