Ерлер сәні: 2014 көктем-жаз мезгілінің ең сәнді түстері

Ерлер сәнімен айналысатын дизайнерлер көктем-жаз мезгіліне ашық түстер мен эклектикалық (таңдаулы) стильді таңдады. Ерлердің ашық түсті киімдерінің қатарында алқызыл түсті киімдер де бар екен. Бұған дейін ерлер сәнінде көп қарастырылмай келген ашық түсті көк және ашық жасыл түстерге де мән беріліпті. Дизайнерлер классикалық үлгіде киінетін адамдардың да таңдауын назардан тыс қалдырмаған: сұр және ақ түс әрқашан да сәнде.   

Алқызыл түс

Алқызыл түс пен оның әрқандай реңктері Tom Ford, Gucci, Richard James және басқа да коллекциялардан көрініс тапқан. Дизайнерлер бір ғана түсті киімдермен тоқтамай, өз коллекцияларына жұмсақ пастель түстері мен фуксия гүлі түсті алқызыл өңдерді енгізген. Көктем-жаз 2014 мезгіліндегі киімдердің көп бөлігі классикалық және спорттық үлгілердің қосындысы деуге де болады.

Tom Ford

Gucci

Richard James

Giorgio Armani

Burberry Prorsum

Christopher Raeburn

Paul Smith

Shaun Samson

Saint Laurent


Көк түс

Көк түс қараны алмастыра алады, ал аспан көк түстер ақ киімнің орнын баса алады. Түстердің мұндай әмбебаптығы көптеген дизайнерлердің коллекцияларынан көрінеді: Giorgio Armani, Richard James, Calvin Klein Collection, Christopher Raeburn, John Galliano, Gucci.

Giorgio Armani

Richard James

Calvin Klein Collection

Christopher Raeburn

John Galliano

Gucci

Жасыл түс

Жасыл түс пен оның әрқандай реңктері көктем мен жаздың ең сәнді түсі дейді дизайнерлер. Қанық реңкті көк тондар, сонымен қатар ашық жасыл өңдер Ralph Lauren, Burberry Prorsum, Raf Simons және Salvatore Ferragamo сән үйлерінің коллекцияларында көрінген.

Ralph Lauren

Burberry Prorsum

Raf Simons

Salvatore Ferragamo

Ақ түс

Классикалық үлгі болып саналатын ақ түс бұрынғысынша жаз мезгілінің, ыстық күннің белгісі болып қала бермек. Сәнқойлар бұл түстің басты трендін "Total white look" деп атап үлгеріпті. Ақ түсті үздік киімдерді Diesel Black Gold, Billy Reid, Dolce & Gabbana және Spencer Hart сияқты сән алыптарының дүкендерінен табуға болады.

Diesel Black Gold

Billy Reid

Dolce & Gabbana

Spencer Hart

Сұр түс

Сұр түсті кәстөмдер ескірмейтін классика. Сұр кәстөмдер биылғы көктем менің жаздың ең сәнді киімі болады дейді дизайнерлер. Бір ерекшелігі дизайнерлер оның тек ашық түсті реңктерін таңдапты.

Ал жылтыр киімдерді киетіндер үшін Tom Ford сән үйі ерекше сыйлық дайындады.

Tom Ford

Richard James

Emporio Armani

John Varvatos

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: menslife.com