Сәнді ерлер пальтосы

Сәнді ерлер пальтосы

Салқын түсісімен сіздің гардеробыңызда пальто пайда болары анық. Бұл маусымда қандай үлгідегі киімдер сәнге шығады? Біз сіздерге таңдау жасауға көмектесе аламыз.

2013/14 күз-қыс маусымында нағыз демократияның көкесі болғалы тұр. Сәнді ерлер пальтосы өзінің түрлі түстілігімен, бірегейлігімен, стильділігімен, үйлесімділігімен баурап алады. Осы жолы қалыпты үлгіден басқа жаңа нұсқадағы пальтолар сатылымға шығады.

Жамылғы түріндегі ерлер пальтосы

Сәнгерлер жамылғы түріндегі ерлер пальтосы күз-қыс маусымындағы ең үздік үлгі болады деп есептейді. Сәнді тігілген жамылғылар ората ғасырлардағы сән үлгісін еске түсіреді. Іскерлік костюм және классикалық қалпақпен авангарддық үлгіде келісті көрінеді.

Бушлат түріндегі ерлер пальтосы

Бұл маусымда екі жағына бірдей қаусырмалы, драпты қысқа польтолар сәнде болады. Әскери бушлаттар талғамыңызға сай қысқа, ыңғайлы. Бушлат түріндегі пальтоны ерекше үлгідегі қалпақтармен де киюге болады.

Милитари үлгісіндегі ерлер пальтосы

Милитариге қарағанда қандай үлгі нақ ерлер үлгісінде көрінеді? Әрине, ешқайсысы. Көптеген сәнгерлер өз жұмыстарына әскери киімдердің элементтерін қосқанды дұрыс санайды. Әскери шинелдегі пальтолардың танымалдық деңгейі артып отыр. Пальтоның жағасы қайырылған, түймесі металдан жасалған, екі қатарлы ілгек, қаптама қалта және белдіктен тұрады.

Сәнді дафлкоттар

2013/2014 күз-қыс маусымына сәнді дафлкоттар қайта оралды. Бұл пальто түймесі ағаштан жасалған, капюшонды болып келеді. Дафлкот түрлі материалдардан тігіледі және күзде де, қыста да кие беруге болады. 

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: menslife.com

Ш. Талап