«Арландардың» АҚШ-та шаршы алаңға шығатын құрамы белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
«Арландардың» АҚШ-та шаршы алаңға шығатын құрамы белгілі болды

Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) «В» тобында бақ сынап жатқан «Astana Arlans» клубының АҚШ-та шаршы алаңға шығатын құрамы белгілі болды. Қазақстандық клуб «USA Knockouts» клубымен кездесетін болады.

БӨЛІСУ

Марат Жақиев жаттықтыратын «Astana Arlans» соңғы кездесуін Шымкентте өткізіп, әзірбайжандық «Baku Fires» клубын 4:1 есебімен ұтқан болса, америкалық «USA Knockouts» клубы «Caciques de Venezuela» боксшыларынан дәл осындай есеппен жеңілген болатын. 10 кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық клуб 30 ұпаймен топта жеке-дара көш бастап келеді. Ал АҚШ елінің командасы 18 ұпаймен үшінші орында тұр.

«Astana Arlans» клубы шаршы алаң иелеріне қарсы WSB жобасында жоғары нәтиже көрсетіп жүрген негізгі құрам боксшыларын шығарғалы отыр. Сонымен қатар, қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама иеленуге де мүмкіндігі мол. АҚШ шаршы алаңында ел намысын қорғайтын боксшылар дәл осы жолдаманы жеңіп алу жолындағы басты үміткерлер.

49 келі: Франко Джошуа - Теміртас Жүсіпов
56 келі: Мартинес Франциско - Мейірболат Тоитов
64 келі: Ирби Тайрек - Самат Бәшенов
75 келі: Хендерсон Кэлвин - Мейірім Нұрсұлтанов 
91 келі: Тэйлор Эдриан - Василий Левит

«Astana Arlans»  пен «USA Knockouts» клубы арасындағы кездесу 28 наурыз күні өтеді. 

Сурет: vk.com

Оқи отырыңыз

Жаңа маусымдағы «Astana Arlans» сапына кімдер қосылды?

«Astana Arlans» V маусымды жеңіспен бастады

«Astana Arlans» Польшада «Hussars Poland» клубын жеңді

«Astana Arlans» Губада «Baku Fires» командасын жеңді

«Арландар» «Нокаутшыларды» нокаутқа жіберді