Аустралия бокстан бас тарта ма?

О Сансызбай Корреспондент
Аустралия бокстан бас тарта ма?

Аустралия медицина қауымдастығының (АМА) президенті Шон Радд елде бокс спортына тыйым салу туралы үндеу тастады. Ол мұндай қадамға боксшы Брэйдон Смиттің ауыр жарақаттан қаза табуына байланысты барып отыр.

БӨЛІСУ

- Біз бір-бірін басынан аямай соққылап, жеңіске жетуді мақсат тұтатын боксшылардың өнерін жоғары бағалаймыз. Бірақ, қарап тұрсаңыз бұл – нағыз жабайылық, - деген Шон Радд.

Бұл үндеуді Аустралия медицина қауымдастығы ғана алға тартып отыр. Елдің бокс спортына тыйым салуы екіталай. Тіпті, мүмкін де емес. Қазіргі таңда бокстан елдің атын шығарып жүрген боксшылар да аз емес. Олардың қатарына Алекс Леапай, Даниэль Гил, Майкл Катсидис және Брэдли Питт секілді боксшыларды жатқызуға болады.

Айта кетейік, 14 наурыз күні аустралиялық боксшы Брэйдон Смит филиппиндік Джон Моральдеге қарсы жекпе-жекте ауыр жарақат алып, екі күннен кейін қаза тапқан болатын. Ауыр соққыдан кейін 23 жастағы боксшының миына қан кеткен. Дәрігерлер спортық мансабында алғаш рет жеңілген боксшыны аман алып қала алмаған. Кездесуде төрешілер шешімімен филиппиндік боксшы жеңіске жетті.  

Cурет: sports.ru

Оқи отырыңыз

Қазақ боксшылары Хельсинкиден жүлделі оралды

Жаңа маусымдағы «Astana Arlans» сапына кімдер қосылды?

Иса Ақбербаев Бразилияның танымал боксшысымен жұдырықтасады

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды