Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Астанада өтіп жатқан әйелдер күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Massaget.kz.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз үшінші орын үшін өткен белдесуде Беларусь балуаны Наталья Варакинаны 6:1 есебімен жеңді.
Зейнеп Қазақстан құрамасы қоржынына төртінші қола медальды салды. Бұған дейін грек-рим күресінен Айдос Сұлтанғали (60 келі), Исхар Курбаев (55 келі) пен Бағдат Сабаз (67 келі) жүлдеге іліккен еді.
57 келіге дейінгі салмақта қолаға таласқан Нилуфар Раимова америкалық қарсыласына жол беріп, медаль еншілей алмады.
Айта кетейік, Зейнеп Баянова бұған дейін Жапонияда ұйымдастырылған 2026 жылғы Азия ойындарында да қола медаль иеленген болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!