Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Хобарттағы (Аустралия) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жарысты іріктеу кезеңдерінен бастаған қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, чехиялық теннисші Мария Боузковамен ойнады.
Юлия Путинцева тарысты толы бәсекеде 6:4, 1:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Енді Қазақстанның екінші ракеткасы жартылай финалға шығу үшін қытайлық теннисші Юэ Юаньмен кездеседі. Матч ертең, 11 қаңтарда Астана уақытымен шамамен 11:45-те өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аделаидағы (Аустралиядағы) WTA 500 турнирінің ширек финалына өткенін жазған едік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!