Елена Рыбакина Аустралиядағы тағы бір турнирдің ширек финалына шықты

Елена Рыбакина Аустралиядағы тағы бір турнирдің ширек финалына шықты
Фото: instagram.com/adelaideinternational

Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаиде (Аустралия) WTA 500 турнирін сәтті бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 61-орында тұрған Испания өкілі Кристина Бучамен кортқа шықты.

Бірінші партия ортасында Рыбакина брейк жасай білді – 6:3.

Елена екінші сетті брейкпен бастады – 2:0. Дегенмен Кристина таразы басын теңестіре алды – 3:3. Есеп 5:5 болған мезетте Рыбакина тағы бір брейкке қол жеткізді. Ақыры екінші матчболын эйспен түйіндеді – 7:5.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін ресейліктер, әлемнің 16-ракеткасы Вероника Кудерметова немесе рейтингіде 21-сатыдағы Екатерина Александрованың қай жеңгенімен кездеседі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан