UFC: Асу Алмабаев салмақ өлшеуден сәтті өтті

UFC: Асу Алмабаев салмақ өлшеуден сәтті өтті
Фото: Аян Несипбеков

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, UFC файтері Асу Алмабаев Қатарда өтетін турнир алдындағы ресми салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Асу турнирде жапон спортшысы Киоджи Хоригучимен шайқасады. Екі спортшы да аса жеңіл салмақтағы титулдық емес жекпе-жекке белгіленген салмақ талабын толық орындап шықты. 

  • Асу Алмабаев – 56,93 келі;
  • Киоджи Хоригучи – 57,15 келі.

Алмабаев пен Хоригучи арасындағы кездесу 21 қарашада Дохадағы ABHA Arena-да өтетін UFC Fight Night турнирінің негізгі кардында болады. Негізгі кард Қазақстан уақытымен шамамен сағат 23:00-де басталады.

Қазақстандық спортшының октагонға шығатын нақты уақыты алдыңғы кездесулердің ұзақтығына қарай өзгеруі мүмкін. Шайқас үш раундқа есептелген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай
Logotype Massaget