"Олд Траффордта" егеуқұйрықтар жүр

"Олд Траффордта" егеуқұйрықтар жүр

"Қызыл сойқандардың" алаңы болып табылатын «Олд Траффорд» стадионында тексеріс кезінде тышқандар табылды.

Инспекция қызметкерлері жан-жақты тексеріс өткізген. Нәтижесінде клуб басшылығына тышқандардың көзін жоюды және су-құбыр жүйесін қалыпқа келтіруді тапсырған.

Одан бұрын "Стэмфорд Бридж" стадионы да инспекторлардың көзіне түскен болатын. Ол жолы "ақсүйектердің" ішіп-жемі санитарлық талапқа сай келмей шыққан-ды. Уақыты өтіп кеткен азық-түліктер клуб қоймасында ұзақ мерзімдерге сақталып келген екен.

Дәл осындай жағдай "Суонси" стадионында да орын алыпты.

Әртүрлі тараптағы ескертулер «Фулхэм», «Саутгемптон», «Куинз Парк Рейнджерс», «Сток Сити», «Астон Вилла», «Уиган» жәе «Вест Хэм» ареналарында кездескен.

Тексеріс барысында «Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Эвертон», «Арсенал», «Тоттенхэм», «Ньюкасл» мен «Сандерленд» командаларының стадиондары тәртіпке сай келген.

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига