Қанат Ислам жетімдер үйінен бала асырап алуға ниетті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның Атырау қаласына ат басын бұрып, жетімдер үйіне сый жасағаны туралы осыған дейін жазған едік. Кездесу барысында қандасымыз бала асырап алуға да ниетті екенін айта кетті.

- Әр баланың жанұясы болу керек. Қазақстанда балалар үйінің саны азайса екен деп тілеймін", - деді боксшы.

Сондай-ақ төрт баланың әкесі балаларды қатты жақсы көретінін де айта кетті.

- Әр баланың басынан сипап, маңдайынан сүйгеннен – үлкен күш пен жігер аламын. Мұндай кездесулерден кейін үйіңе мүлде өзге адам болып қайтатының рас, - деді боксшы.

Айта кетейік, осыған дейін Қанат Ислам 2017 жылдың қаңтар айында канадалық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін екені туралы ақпарат хабарланған болатын.