Месси шашын неге сарыға бояғанын айтты

Аргентина ұлттық құрамасы мен каталондық «Барселонаның» үздік шабуылшысы Лионель Месси сұқбаттарының бірінде неге шашын сарыға бояғанын айтты. Осыған дейін футболшының жаңа шаш үлгісі табынушыларының қызығушылығын тудырған болатын.

- Осы жыл маған ауыр болды. Тың серпіліс пен өзгеріс қажет болды. Нәтижесінде шашымды сары түске бояуға шешім қабылдадым. Жаңа өмір бастағым келді. Өзіме барлығын басынан бастаймын деп шарт қойдым, - деді футболшы.

Сұқбат барысында Лионель Месси ұлы Тиагоның футболға қызығушылығы туралы да айта кетті.

- Оған доп беріп, ойнатуға тырысқаныммен, футболға аса қызықпайды. Бәлкім команда сапына қосылғанда қызығып ойнап кетер, - деді.

Айта кетейік, Тиаго Месси бір кездері әкесі ойнаған «Ньюэллс Олд Бойз» клубы қарауында. Алдағы уақытта осы ұжымның академиясында футбол әліппесін үйренетін болады.