Неймар Мессидің көлеңкесінде қалғысы келмейді

Каталондық «Барселона» клубында өнер көрсететін бразилиялық шабуылшы Неймар жақын арада жаңа клубқа ауысудың жолын іздеуі мүмкін. Бұл туралы «Donbalon» басылымы хабарлауда.

Басылым таратқан ақпаратқа сүйенсек, Неймар Мессидің көлеңкесінде қалуды қаламайды екен. Шабуылшы өз клубында көшбасшы атанып, «Алтын допты» иеленуді мақсат тұтатынын жасырмайды. Ал «Барселона» сапында Месси тұрғанда Неймар өзінің көшбасшы атана алмайтынын сезгендей. Нәтижесінде өзге клубқа ауысуын жөн санай бастаған көрінеді.

Қазіргі таңда 23 жастағы бразилиялық шабуылшыға ағылшындық «Манчестер Юнайтед» қызығушылық танытуда.