Касильяс Чемпиондар лигасында рекорд тіркеді

Касильяс Чемпиондар лигасында рекорд тіркеді
Фото: eurosport.ru

«Порту» клубының қақпашысы Икер Касильяс Чемпиондар лигасында өз қақпасына гол өткізбеген 51-ші ойынын өткізіп, рекорд тіркеді. Осыған дейін бұл рекорд Эдвин ван дер Сарға (50 ойын) тиесілі болатын.

Чемпиондар лигасының үшінші турында португалдық клуб Израильдың «Маккаби Тель-Авив» клубын ұтты. «Драгау» стадионында өткен ойында 2:0 есебі тіркелді. Ал Икер Касильяс өз қақпасына гол өткізген жоқ. Нәтижесінде «Реал» мен «Порту» сапындағы гол өткізбеген ойындары бойынша рекордтық нәтижені тіркеді.

Чемпиондар лигасының үшінші турының бірінші күніндегі ойындар нәтижесі:

 «Е» тобы

«БАТЭ» (Беларусь) - «Барселона» (Испания) 0-2

Голдар: Ракитич 48, 64

«Байер» (Германия) - «Рома» (Италия) 4-4

Голдар: Чичарито 4,19, Кампл 84, Мехмеди 86 – Де Росси 29,38, Пьянич 54, Фальке 73

«F» тобы

«Арсенал» (Англия) - «Бавария» (Германия) 2-0

Голдар: Жиру 77, Озил 90+4

«Динамо Загреб» (Хорватия) - «Олимпиакос» (Грекия) 0-1

Гол: Браун 79

«G» тобы

«Динамо Киев» (Украина) - «Челси» (Англия) 0-0

«Порту» (Португалия) - «Маккаби Тель-Авив» (Израиль) 2-0

Голдар: Абубакар 37, Браими 41

«Н» тобы

«Зенит» (Ресей) - «Лион» (Франция) 3-1

Голдар: Дзюба 3, Халк 56, Данни 82 – Лакасетт 49

«Валенсия» (Испания) - «Гент» (Бельгия) 2-1

Голдар: Нильсен 15, (автогол), Митрович 72, (автогол) – Фоке 40.

О. Сансызбай