Олар Әлем чемпионатына бармайды

Олар Әлем чемпионатына бармайды

Бүгін 2014 жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына қатыспайтын ұлттық құрамалар көшбасшыларымен таныстырамыз. Іріктеу кезеңінде бұл әлемдегі футбол жұлдыздары командаларын алға сүйрегенімен Бразилияда доп тебу бақыты бұйырмады. Дегенмен олардың да айтатын өз ойлары мен уәждері бар. Оқи отырыңыз.

Златан Ибрагимович

– Бұл Әлем чемпионаты менің соңғы мүмкіндігім еді. 2018 жылы ұлттық құрамада ойнамайтыным анық. Португалия құрамасын жеңісімен құттықтаймын. Енді Бразилияда өтетін Әлем чемпионатын көрмесем болады. Өйткені менсіз көп қызығын жоғалтты.

Евгений Коноплянка

Алғашқы кездесуде Францияны жеңгеннен соң: "Риберидің жары "Алтын доптың" орнына гүл салатын құмыра дайындай берсін" деген болатын. Қарымта кездесуде жеңілгеннен кейін: "Бұл жеңіліске бәріміз кінәліміз. Шынын айтсам, өте өкінішті", - деп қысқа қайырды.

Эйдур Гудьонсен


Бразилияға баруға барын сала білген құрамалардың бірі - Исландия. Дегенмен плей-оффта Хорватияға есе жіберіп алды. Дәл осы кездесуден кейін футболшы: "Бұл менің соңғы мүмкіндігім еді" деп көзіне жас алып, ұлттық құрамамен қоштасты.

Кристиан Эриксен 


Данияда екінші жыл қатарынан үздік футболшы атанды. Дегенмен топтан екінші орын алып, нәтиже төмендігі салдарынан плей-оффқа шыға алмады. 

Давид Алаба


2013 жылғы Австрияның жыл спортшысы атанған Давид Алабаның командасы топтық кезеңнен шыға алмады. Дегенмен оның болашағы әлі алда.

Гейнрих Мхитарян


Петр Чех


Лондондық "Челси" қақпашысына Бразилияға бару жолдамасы бұйырмады.

Арда Туран


Испаниядағы қымбат футболшылардың санатына жататын "Атлетико Мадрид" командасының жартылай қорғаушысы Әлем чемпионатын теледидардан тамашаламақ.

Роберт Левандовски


– Біздің әр кездесуімізге бір дүние жетіспеумен болды.

Неван Суботич


Бранислав Иванович


– Біз жаман өнер көрсетпедік.

Гарет Бэйл


– Біздің құрама әлі жас саналады. Алаңда бір-бірімізді толық түсінісіп ойнауға дәрежеміз жеткен жоқ. Болашақта дәлелдейтін боламыз. Ал бұл Әлем чемпионатын үйде тыныш теледидардан көретін боламын.

Аарон Рэмзи


"Арсенал" футболшысы Әлем чемпионаты ойындарын алаң сыртынан тамашалайды.

Марек Гамшик


Оскар Кардосо


Пьер-Эмерик Обамеянг


Габон ұлттық құрамасы мен дортмундтық "Боруссия" шабуылшысы Әлем чемпионатын үйден тамашаламақ.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.ru

О. Сансызбай