Барлық уақыттың ең үздік футболшылары кімдер?

"ESM" спорттық қауымдастығының мүшесі саналатын халықаралық танымал "World Soccer" мамандандырылған басылымы барлық уақыттың ең үздік командасын анықтады. 

Команда құрамы 4- 4- 2 тактикалық орналастыру (расстановка) негізінде белгілі болған.

Қазылар алқасында 73 журналист, бапкерлер мен өткен күннің ойыншылары отырыпты.

* * * *

Қақпашы — Лев Яшин (КСРО, Ресей) – 30 дауыс,

Оң қаптал қорғаушысы — Кафу (Бразилия) – 24 дауыс,

Орталық қорғаушы — Бобби Мур (Англия) – 24 дауыс,

Орталық қорғаушы — Франц Беккенбауэр (Германия) -68 дауыс,

Сол жақ қаптал қорғаушысы — Паоло Мальдини (Италия) – 48 дауыс,

Жартылай қорғаушы — Альфредо ди Стефано (Аргентина/ Испания) – 26 дауыс,

Жартылай қорғаушы — Зинедин Зидан (Франция) – 27 дауыс,

Жартылай қорғаушы — Йохан Кройфф (Голландия) – 60 дауыс,

Жартылай қорғаушыДиего Марадона (Аргентина) – 66 дауыс,

Шабуылшы — Пеле (Бразилия) – 63 дауыс,

Шабуылшы — Лионель Месси (Аргентина) – 46 дауыс.

* * * *

Сонымен, қазіргі уақыттың ойыншыларынан тек Месси ғана енген. Жалпы, 102 ойыншыға дауыс берілген. Мәселен, Криштиану Роналдуға (Португалия) 7 дауыс беріліпті.

сурет: mhealth.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек