Дархан Асаділов Олимпиададағы екінші жекпе-жегінде де жеңді

Дархан Асаділов Олимпиададағы екінші жекпе-жегінде де жеңді
Фото: Владислав Семенов, olympic.kz

Каратэші Дархан Асаділов Олимпиададағы екінші жекпе-жегінде де жеңді.

Ол әзірбайжандық Фирдовси Фарзалиевтен 6: 2 есебімен басым түсті. Бұл топта әлі 2 қарсыласпен жекпе-жегі бар.

Жартылай финалға шығу үшін қазақстандыққа топта бірінші немесе екінші орын алу қажет.

Айта кетейік, отандасымыз алғашқы кездесуінде түрік Ерай Самданды 6: 2 есебімен жеңген болатын.

А. Оралқызы