Нұрислам Санаев бүгін жартылай финалда күреседі

Нұрислам Санаев бүгін жартылай финалда күреседі
Фото: Жеңіс Ысқабай

Ширек финалда жапон балуанын жеңген Нұрислам Санаев енді жартылай финалда үнді спортшысы Рави Құмармен шығады.

57 келіде өнер көрсетуші отандасымыздың кездесуін сағат 15:15-те өтеді. Qazaqstan телеарнасының тікелей эфирінен көруге болады.

Айта кеткен жөн, Санаев алғашқы белдесуін Гвинеи-Бисау елінің спортшысымен өткізіп, кейін жапон балуаны Юки Такахасиді жеңді.

Қ. Слямбек