Tokyo-2020: Әбілхан Аманқұлов жартылай финалға шыға алмады

Tokyo-2020: Әбілхан Аманқұлов жартылай финалға шыға алмады
Фото: Жеңіс Ысқабай

Токио Олимпиадасының ширек финалына шыққан отандасымыз Әбілхан Аманқұлов бразиялық боксшы Эберт Соузамен кездесті. Бірақ айласын асыра алмады.

75 килода жарыс жолына шыққан қазақстандық спортшы жалпы есепте жеңіліп қалды Есеп - 3:2. 

Төрешілер алғашқы раундты бразиялық боксшыға басымдық бергенімен, екінші раундта Аманқұлов есепті теңестірді. Үшінші раундт тартысты өтті. Отандасымыз намысқа тырысып, алға ұмтылды. Бірақ жеңісті жұлып ала алмады. 

Айта кетейік, бокс фавориттерінің бірі Қамшыбек Қоңқабаев бүгін сағат 16:24-те ширек финалында кездесуін өткізбек.

Қ. Слямбек