Елдос Сметов қола медаль үшін күреседі

Елдос Сметов қола медаль үшін күреседі
Фото: Жеңіс Ысқабай

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады. Жартылай финалда отандасымыз жапон спортшысы Такато Наохисаға жол берді.

Екі дзюдошы арасындағы белдесу аса тартысты. Негізгі уақытта өзара мықтыны анықтай алмады. 10 минутқа жуық өткен белдесу соңындағы "Golden Score" кезеңінде қарсыласы "ваззари" ұпайын еншілеп, финалға өтті.

Елдос Сметов Токио Олимпиадасының қола жүлдесіне таласады. Қарсыласы – нидерланд Торнике Чакадуа.

Н. Үсенова