Теннисші Елена Рыбакина Олимпиаданың келесі кезеңіне өтті

Теннисші Елена Рыбакина Олимпиаданың келесі кезеңіне өтті
Фото: Владислав Семенов

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токиодағы Олимпиада ойындарыны екінші кезеңіне шықты. Отандасымыз бірінші айналымда аустралиялық спортшы Саманта Стосурды ұтты. 

1 сағат 11 минутқа созылған ойында Елена Рыбакина қарсыласын 6:4, 6:2 есебімен ұтып шықты. Келесі қарсыласы мысырлық Майар Әбделазиз және швециялық Ребека Петерсон жұбының жеңімпазы болмақ. 

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Токио Олимпиадасындағы жекелей сында жеңіліс тапты. Ол ресейлік Даниил Медведевпен кездескен болатын. 1 сағат 4 минутқа созылған кездесуде Бублик 4:6, 6:7 есебімен қарсыласына жол берді.

Зарина Дияс алғашқы кезеңде чехиялық Барбора Крейчиковамен кездескен болатын. Бірінші сетте Крейчикова 5:2 есебімен алда келе жатқан. Кездесу барысында Дияс жарақатына байланысты жарысты жалғастырмайтынын айтып, матч тоқтатылды. 

Н. Үсенова