Елдос Сметов Олимпиаданың жартылай финалына шықты

Елдос Сметов Олимпиаданың жартылай финалына шықты
Фото: Жеңіс Ысқабай

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты. Отандасымыз жарыстағы екінші белдесуінде Оңтүстік Корея елінің спортшысы Ким Вон Жунды жеңді.

Рио Олимпиадасында күміс алған қазақ спортшысы екінші белдесуін де уақытынан бұрын аяқтады. Қарсыласын айқын жеңіспен ұтты. Жартылай финалда танымал жапон дзюдошысы Такато Наохисамен кездеседі.

Елдос Сметов бірінші белдесуінде түрік спортшысы Аққұс Мирхашты иппонмен ұтып шыққан еді.

Айта кетейік, қыздар арасында 48 килоға дейінгі салмақта бақ сынаған Галбадрах Отгонцэцэг жарысты ерте аяқтаған болатын.

 

Н. Үсенова