Токио Олимпиадасы мен Паралимпиадасының шығыны қанша?

Токио Олимпиадасы мен Паралимпиадасының шығыны қанша?
Фото: olympics.com

Халықаралық Олимпиада Комитетінің (ХОК) президенті Томас Бах Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындары мен Паралимпиаданың шығынын атап өтті. Сондай-ақ барлық құрама спортшылары керек-жарақпен толық қамтамасыз етілгенін тілге тиек етті.

Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына 1,7 миллиард доллар шығындадық. Қатысушылар мен ұлттық құрамаларды толық қамтамасыз етіп отырмыз. Біз тек айтпаймыз, ісімізбен көрсетеміз, - деді Бах.

Айта кетейік, жазғы Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығына жоспарланған.

Н. Үсенова