Джиу-джитсудан тұңғыш әлем чемпионы Дархан Нортаев еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы әнші Төреғали Төреәлінің әкесі, ақын Төреәлі Төлепов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Бүгін шаңырағымызда ерекше қуаныш. Дархан күйеу балам джиу-джитсу спортынан "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атағын алып жатыр. Бұл жай ғана куәлік емес. Бұл - талай жылғы еңбек, темірдей тәртіп, қайсар мінез бен маңдай тердің жемісі. Татамиде ел намысын қорғап, қазақтың рухын биіктетіп жүрген азаматтың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Ер азаматтың абыройы еңбегімен өлшенеді. Ал спортта елдің намысын көтеру нағыз батырлықпен тең. Құтты болсын, Дархан балам. Алла абыройыңды арттырсын", - деп жазды әншінің әкесі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Дархан Нортаев спортты тастағанына бір жарым жылдан асқанын айтқан еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова