- Негізгі бет
- Спорт
- "Тағы не керек?"...
"Тағы не керек?" Рахмонов UFC-ге үн қатты
Фото:
instagram.com/shavkatrakhmonov94
Жеңілмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов алдағы жекпе-жегіне қатысты UFC-ге үн қатты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Шавкаттың негізгі қарсыласы Джефф Нил жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмайтын болды. Бұл кездесу 14 қаңтарда Лас-Вегастағы UFC Fight Night 217 турнирінде өту керек болған.
Осыдан кейін Рахмоновты өзге америкалық Брайан Барберена жекпе-жекке шақырып, аралық салмақта жұдырықтасуды ұсынды.
Қазақстандық файтер бұған келісіп отыр және ол Вегастағы турнирді өткізіп алғысы келмейтіні анық.
"UFC, мен дайынмын, ол дайын, тағы не керек?" - деп жазды Рахмонов Instagram желісінде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина