Ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы Баходир Жалолов Странджа кубогының финалына жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Өзбекстандық Олимпиада чемпионы қатарынан екі айқаста жұдырықтаспай-ақ, жеңімпаз атанып отыр.
92 келі салмақтың ширек финалында әуелі Қамшыбек Қоңқабаев жекпе-жектен бас тартты. Одан кейін жартылай финалда Баходирге қарсы әзірбайжандық Махаммад Абдуллаев та шықпады.
Еске салайық, бұған дейін Странджа кубогының ширек финалында қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев қолындағы жарақатына байланысты өзбекстандық Олимпиада чемпионы Баходир Жалоловпен жұдырықтасуға шықпай қалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!