Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысына қарсы жекпе-жекке шықпады

Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысына қарсы жекпе-жекке шықпады
Фото: Alexandr Kryazhev/Sputnik/Sputnik via AFP

Бокстан Болгария елінің астанасы Софияда өтіп жатқан "Странджа" халықаралық турнирінде жанкүйерлер асыға күткен Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов арасындағы жекпе-жек өтпеді. Отандасымыз жұдырықтасудан бас тартқан.

92 килодан жоғары салмақтағы боксшылар бәсекесінде екеуінің жолы ширек финалда түйісті. Алайда екі боксшыны жанкүйерлер шаршы алаңда көрген жоқ. Қамшыбек кездесуге шықпады, себебі әзірге белгісіз. Өзбек боксшысы жартылай финалға шығып, кемі қола медальға қол жеткізді. 

Кей ақпарат көздері жазуынша, Баходирде де жарақат болған. 

Екі боксшы 2017 жылдан бергі аралықта бес рет жұдырықтасқан. Оның төртеуінде өзбек боксшысының мерейі үстем болған.

Өзара кездескен жекпе-жектері:

Азия чемпионаты.

2017 жыл. Финал. Баһадүр жеңді.
2019 жыл. Финал. Баһадүр жеңді.
2021 жыл. Финал. Баһадүр жеңді.

Әлем чемпионаты.

2017 жыл. 1/4 финал. Қамшыбек жеңді.
2019 жыл. Финал. Баһадүр жеңді.

Айта кетейік, кешкі сессияда шаршы алаңға шыққан 3 боксшы да жарысты ширек финалда аяқтады.

48 килода Ернұр Қайрат грузин боксшысы Лука Кублашвилиге есе жіберді. Ал Темірхан Тезек (67 кило) пен Бекзат Таңатар (86 кило) өзбек боксшыларына мықтылығын мойындата алмады. 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ө. Сансызбай