Шавкат Рахмонов шамасы жетпейтін жалғыз спортшының есімін атады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов шамасы жетпейтін жалғыз спортшының есімін атады. Бұл жайында RMC Sport-қа берген шағын сұхбатында мәлімдеді.

Усман? Жеңемін. Эдвардс? Жеңемін. Чимаев? Жеңемін. Мачачев? Оны да жеңемін. Нгуанну? Ха-ха, жоқ. Фьюри? Егер ММА ережесімен өтетін болса, оны да жеңіп аламын. Майк Тайсон? Иә, әрине жеңемін, - дейді Рахмонов. 

Франсис Нганну – аса ауыр салмақта бақ сынайтын аралас жекпе-жек шебері, камерундық кәсіпқой боксшы. Бұрынғы UFC чемпионы. 

Айта кетейік, жексенбі күні Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 296 турнирінде бақ сынады. Басты кардтағы жекпе-жекте отандасымыз америкалық Стивен Томпсонды қылқындыру әдісімен ұтып шықты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

О. Сансызбай