Шавкат Рахмонов чемпиондық атақ үшін жекпе-жекке шығатын болды

Шавкат Рахмонов чемпиондық атақ үшін жекпе-жекке шығатын болды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов 7 желтоқсан күні Лас-Вегастағы T-Mobile аренада чемпиондық атаққа таласады. Бұл туралы UFC ұйымының басшысы Дана Уайт хабарлады. 

Шавкат көптен күткен маңызды жекпе-жегіне мүмкіндік алды. Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы америкалық Белал Мұхаммедпен (24-3) шайқасады. Жеңіске жетсе, Рахмонов UFC-дегі алғашқы қазақ чемпионы атанатын болады. Сондай-ақ бұл Шавкаттың мансабындағы бірінші мейн-ивенті әрі екінші PPV-оқиғасы болмақ (дебюті UFC 285 турнирінде Джефф Нилге қарсы өткен).

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dana White (@danawhite)

Айта кетейік, Белал Мұхаммад 2023 жылдың шілдесінде Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде Леон Эдвардсты төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы атанған еді. 

О. Сансызбай
Logotype Massaget