- Негізгі бет
- Спорт
- Шахматшы Бибісара Асаубаева...
Шахматшы Бибісара Асаубаева не үшін қазақ тілінде сөйлемейтінін түсіндірді
Шахматшы, "Еңбек сіңірген спорт шебері" Бибісара Асаубаева не үшін қазақ тілінде сөйлемейтінін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде спортшының тікелей эфир кезінде сұрақтарға жауап беріп жатқан сәтінің видеосы тарады.
"Отбасымда бәрі көбіне орыс тілінде сөйлейді. Қазақ тіліне уақыт жоқ. Мысалы сәуірде үш турнирге қатысамын, ал мамырда екі турнир бар. Сондықтан... Шахмат па, әлде тіл үйрену ме: таңдауға тура келеді. Бірақ қолымнан келгенше тырысамын", - дейді 19 жастағы шахматшы.
Бибісара Асаубаева шахматтан төрт дүркін әлем чемпионын жеңді
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін Бибісара Асаубаева Қазақстанның "Еңбек сіңірген спорт шебері" атанғанын хабарлаған болатынбыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина