Шахматшы Бибісара Асаубаева "Еңбек сіңірген спорт шебері" атанды

Шахматшы Бибісара Асаубаева "Еңбек сіңірген спорт шебері" атанды
Фото: Instagram/bibisarachess

️Шахматшы Бибісара Асаубаева "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері" атағын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram Stories-інде бөлісті. Ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі өкілі растады. 

"Мені құттықтап қойсаңыздар болады. Алдарыңызда еліміздегі жалғыз "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері", - деп жазған ол. 

Айта кетейік, Бибісара Асаубаева - қазақстандық шахматшы. Ол - әйелдер арасындағы гроссмейстер, ер адамдар арасында халықаралық шебері, блиц бойынша әлем чемпионы, рапид бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек