Боксшы Серік Сәпиев қазақстандықтардан балуан Зелимхан Мұсихановпен болған жанжалды ұмытуды сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін БАҚ-та Серік Сәпиев пен Зелимхан Мұсихановтың арасындағы жанжалдан кейін "жас балуан спорт колледжінен, ал оның отбасы мүшелері жұмыстан шығарылды" деген ақпарат тарады. Кейін балуанның оқудан шығарылғаны туралы ақпарат жоққа шығарылды.
Tengri Sport редакциясы Серік Сәпиевке хабарласып, жағдайға пікір білдіруді сұрады.
"Мен бұл туралы бірінші рет естіп тұрмын. Оның отбасына қатысты ақпаратты да растай алмаймын. Мен кез келген қысымға қарсымын. Халқымыз бұл жағдайды ұмытса екен деймін. Оқиға аяқталды. Спорт - эмоция, кез келген бәсекелестіктің қалыпты бөлігі. Бұл жастарға тек сәттілік тілеймін", - деді боксшы.
Еске салайық, Batyrball ойыны (күрес аралас баскетбол) кезінде Серік Сәпиев балуанмен жанжалдасып қалды. Балуан Зелимхан Мұсиханов Сәпиевке қарсы күрес әдісін қолданған, бұл боксшыға ұнамай қалған, кейін төбелес басталған. Өзге ойыншылар спортшыларды ажыратып үлгерген.
Алайда олар кейінірек киім ауыстыратын бөлмеде тағы дауласқан. Sever-Yug командасының балуаны Зелимхан Мұсихановтың жаттықтырушысы Александр Гольцман болған жанжалға қатысты пікірін айтқан болатын. Бұл оқиғаға қатысты Серік Сәпиев те пікір білдірген еді.
Сондай-ақ, бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен төбелесіп қалған ММА балуаны Зелимхан Мұсиханов колледжден шығарылғаны туралы ақпарат тарады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!