"Сонымен бітті деп ойлап едік". Танымал боксшы Сәпиев пен балуанның төбелесінен кейін күтпеген оқиға болғанын айтты

"Сонымен бітті деп ойлап едік". Танымал боксшы Сәпиев пен балуанның төбелесінен кейін күтпеген оқиға болғанын айтты

Batyrball турнирінде бокстан олимпиада чемпионы Серік Сәпиевпен төбелесіп қалған ММА балуаны Зелімхан Мұсиханов колледжден шығарылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы танымал қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова Instagram-парақшасында айтты. Оның сөзінше, балуанның спорт колледжін бітіруіне 2 ай қалған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aida Satybaldinova (@lady_sparta)

Сонымен қатар, әлі расталмаған ақпарат бойынша, Мұсихановтың туыстары да жұмыстан қуылған. 

"Олимпиада чемпионы мен Зелімхан Мұсихановтың төбелесін бәріміз көрдік. Жігіттер қол алысып, жанжал сонымен бітті деп ойлап едік. Осы оқиғадан кейін не болды? Зелимхан білім алып жүрген спорт колледжінен шығарылды... Оның ағасы жұмыстан қуылған. Оның ата-анасы да жұмыстан қуылған деген ақпарат бар, бірақ нақты солай деп айта алмаймын. Артынан Александр Гольцман (Мұсихановтың жаттықтырушысы) осы іске араласып, Зелімханды қайтадан оқуға алдыруға тырысады, себебі ол жігітті осы оқиғаға бола оқудан шығару қате. Амалын тауып оны қайтадан алдырды", - дейді Сатыбалдинова.  

Еске салайық, Batyrball ойыны (күрес аралас баскетбол) кезінде Серік Сәпиев балуанмен жанжалдасып қалды. Балуан Зелімхан Мұсиханов Сәпиевке қарсы күрес әдісін қолданған, бұл боксшыға ұнамай қалған, кейін төбелес басталған. Өзге ойыншылар спортшыларды ажыратып үлгерген.

Алайда олар кейінірек киім ауыстыратын бөлмеде тағы дауласқан. Sever-Yug командасының балуаны Зелімхан Мұсихановтың жаттықтырушысы Александр Гольцман болған жанжалға қатысты пікірін айтқан болатын. Бұл оқиғаға қатысты Серік Сәпиев те пікір білдірген еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина