Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды

Рыбакина АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды
Фото: ҰОК

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Әлемнің екінші ракеткасы 1/8 финалда Ресей өкілі Диана Шнайдермен кездесті.

Екі сетке созылған кездесуде Елена Рыбакина 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы Польша өкілі Ига Швентек болмақ.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина Торонто турнирінің финалында Ига Швентекке есе жіберді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget