Рыбакина Торонто турнирінің финалында Ига Швентекке есе жіберді

Рыбакина Торонто турнирінің финалында Ига Швентекке есе жіберді
Фото: ҚТФ

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өткен WTA 1000 санатындағы хард турнирінің финалында жеңіліс тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған және турнирде екінші нөмірде өнер көрсеткен қазақстандық теннисші финалда әлемнің жетінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекпен кездесті.

Матч екі сетке созылып, Елена Рыбакинаның жеңілісімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 16 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена Рыбакина бір эйс жасап, төрт қос қатеге жол берді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Торонтодағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты. Ол осы нәтижесінің арқасында әлемдік рейтингтегі қоржынына қосымша ұпай қосады.

Елена Рыбакина келесі кезекте АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы турнирде бақ сынайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget