Transfermarkt порталы Криштиану Роналдудың алты голын ресми статистикаға қоспау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Massaget.kz.
Портал Роналдудың 2023 жылғы Араб клубтары чемпиондарының кубогында "Әл-Наср" сапында соққан алты голын есепке алмаған.
"Бұл көрсеткіш көптеген басылым мен Роналдудың өзі ұсынған 985 гол туралы деректен өзгеше. Оның 2023 жылғы Араб клубтары чемпиондарының кубогында "Әл-Наср" сапында соққан алты голы есепке алынбады. Турнирді ФИФА-ға, Азия футбол конфедерациясына немесе Африка футбол конфедерациясына мүше емес UAFA ұйымдастырған. Сондықтан Transfermarkt бұл ойындар мен голдарды ресми жарыстар статистикасына қоспайды", – делінген мәлімдемеде.
Сонымен бірге Transfermarkt Роналдудың "Әл-Файзали" қақпасына соққан добын есептеп отыр. Ал FlashScore порталы бұл голды автогол ретінде тіркеген.
Роналдудың еншісінде қазір қанша гол бар?
Transfermarkt есебі бойынша Криштиану Роналду:
- клубтық деңгейде — 833 гол;
- Португалия құрамасы сапында — 146 гол;
- барлығы — 979 гол соққан.

Алайда басқа дереккөздер футболшының еншісінде 985 гол бар деп көрсетіп отыр.
1000 голға қанша қалды?
Посмотреть эту публикацию в Instagram
41 жастағы португалиялық шабуылшы мансабында 1000 гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы атануға талпынып келеді.
Әртүрлі есепке сәйкес, Роналдуға межеге жету үшін тағы 15–21 гол соғу қажет. Португалия құрамасындағы мансабын аяқтағандықтан, ол бұл көрсеткішке Сауд Арабиясы чемпионатында "Әл-Наср" сапында жетуі мүмкін.
Айта кетейік, футболшы жақында ғана ұлттық құрама сапындағы мансабын аяқтағанын хабарлаған болатын. Ал Португалия жейдесіндегі алғашқы ойынын 2003 жылы Қазақстанға қарсы өткізген еді.
О. Сансызбай