Сауд Арабиясына барған түрік кәсіпкері Гокмен Ақдоған көшедегі жұртты таңғалдырды. Ол танымал футболшы Криштиану Роналдудан аумайды, әрі оның қылықтарын қайталағанда онымен суретке түскендер саны артқан.
"Әл-Наср" командасының шабуылшысы Эр-Рияд көшесінде жүріп, емін еркін серуен құра алмасы анық. Ал Гомен Ақдоған болса өз мүмкіндігін пайдаланып, жергілікті халыққа ерекше көңіл-күй сыйлай білді.
Бұл түрік кәсіпкерінің алғашқы серуені емес. Ол бұған дейін де Роналдуға ұқсас түрімен талайды таңғалдырған. Тіпті жұрт оны португалдық футболшының сыңары деп те атап кеткен.
Айта кетейік, бірер күн бұрын Роналду "Әл-Шабаб" командасына қарсы ойында "Месси, Месси" деп айқайлаған жанкүйерлерге жағымсыз қылық көрсеткен еді. Ол үшін Сауд Арабиясы футбол федерациясының тәртіптік бақылау комитеті қандай да бір жаза қолданатыны жайлы айтылған. Әзірге оның шешімі жарияланған жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!