Роналду жасыл алаңдағы жағымсыз қылығы үшін жазаланбақ

Португалия ұлттық құрамасы мен "Әл-Наср" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2 ойынға шеттетілуі мүмкін. Футболшы "Әл-Шабаб" командасына қарсы ойында "Месси, Месси" деп айқайлаған жанкүйерлерге жағымсыз қылық көрсеткен еді. 

39 жастағы шабуылшының жанкүйерлерге көрсеткен әрекеті қызу талқыланып, көп сынға ұшыраған. Сауд Арабиясы футбол федерациясының тәртіптік бақылау комитеті ойыншыны 2 ойынға шеттетуі мүмкін. 

Роналду бұған дейін де жергілікті халықтың таным-түсінігіне қарама қайшы қылықтарымен көзге түскен еді. Ешқандай жазаға тартылмаған болатын. Бұл жолы танымал футболшыны жазасыз қалдыруы екіталай. 

Роналду осы маусымда 20 ойынға қатысып, 22 гол соқты, 9 нәтижелі пас берді. Клубтар арасындағы араб чемпионатында 4 гол, Азия чемпиондар лигасында 5 гол соқты.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай