Марокко құрамасы сенсация жасап, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ширек финалда Марокко құрамасы Португалиямен кездесті. Бұл ойында еуропалық ұжым фаворит саналған. Дегенмен бірінші тайм тең деңгейде өтті. Ал 42-минутта Юссеф Эн-Несири баспен дәл соққы жасап, Марокконы алға шығарды.
Ал үзілістен кейін доп толығымен Португалияның иелегінде болды. Еуропалық ұжымның есепті теңестіретін бірнеше мүмкіндігі болған. Бірақ марокколық қақпашы Яссин Буну әр соққыны кері қайтара алды. Екінші таймда алаңға шыққан Криштиану Роналду да өз командасына көмектесе алмады.
Осылайша, Марокко жеңіс есебін соңғы ысқырыққа дейін ұстап тұрып, сенсация жасай алды. Марокко - әлем чемпионатының жартылай финалына шыққан алғашқы африкалық клуб.
Бұған дейін ширек финалда Хорватия құрамасы Бразилияны үйіне қайтарып, сенсация жасаған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!